Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қар көшкіні күтілуде

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - Қаңтардың 16-18-і күндерінде Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қардың мол жаууына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін. Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазгидромет мекемесіне сілтеме жасап хабарлап отыр.

«Осыған орай, қар көшкінінің орын алуына жол бермеу үшін тік қарлы бөктерлерге шықпауға кеңес беріледі. Таулы жерлерде абай болыңыздар», деп ескертеді ведомство.

Соңғы жаңалықтар