Алматы «сары» аймаққа өтті дегенмен босаңсуға әлі ерте - дәрігер

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық №7 клиникалық аурухананың емханасының Мобильдік тобының жауапты дәрігері Жәнібек Серікбай ҚазАқпарат тілшісіне коронавирустан емдеудің бүгінгі әдіс-тәсілдері мен ревакцинация жайлы айтып берді.

«Коронавируспен күресте толыққанды құрастырылған клиникалық хаттама бар. Сол бойынша «дәлелді медицина» ақпаратын қолдана және әрбір науқастың симптомын ескере отырып, тағайындалатын дәрі-дәрмектермен инвазивті және инвазивті емес әдіс-тәсілдер арқылы көмек көрсетіледі»,- деді дәрігер.

Оның айтуынша, Алматыда қазіргі уақытта коронавирус індетін жұқтырғандар саны азайып келеді.
«Вирус өте қауіпті, ол мутацияға ұшырауы және жаңа штамдардың пайда болуы әбден мүмкін. Сондықтан санитарлық талаптарды толыққанды орындаған дұрыс. Алматы «сары» аймаққа өтсе де, еш босаңсудың қажеті жоқ. Алғашқы симптомдар пайда болған жағдайда (жөтел, температураның көтерілуі, бұлшық ет ауруы, бас ауруы) дереу дәрігерге қаралу қажет. Мұндайда алдын алу шараларын орындаған жөн. Асқындырмау үшін дәрігер жазған нұсқаулықты толық орындау керек», - деді Жәнібек Серікбай.
Ревакцинация жайлы дәрігер өз ойын былайша жеткізді.
«Ревакцинация вакцинадан кейін иммунитетті көтеру мақсатында жасалатын шара. Вирус түрінің мутациялық қабілетін ескере отырып, вирустың пандемиялық дәрежедегі алдын алу шараларының ең негізгі және маңызды шешімі деп ойлаймын. Ағзаның өзіндік иммунитеті арқылы вирусты толыққанды жеңу үшін жасалатын іс шара болып табылады. Айта кетейік, ревакцинацияны алғашқы вакцинаның толық 2 компонентін алған соң, 6-9 айдан кейін алу керек»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар