Алматы полициясының басшысы зорлық көрген әйелге қатысты пікір білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов жалға алынған пәтерде жантүршігерлік зорлық көрген әйелдің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақында #НеМолчи қорының Facebook парақшасында 33 жастағы әйелдің жалдамалы пәтерде зорлық көргені жарияланған болатын. Қылмыс 26 қыркүйекте болған.

33 жастағы әйел 48 жастағы құрбысының шақыруымен оның болашақ күйеуімен танысуға келген. Үшеуі ішімдік ішіп, тойлап отырған кезде әйел кенеттен есінен танып қалған.

Кейін белгілі болғандай, оны 2 сағатқа жуық уақыт зорлап, азаптап, болған жағдайды түгел телефон камерасына түсіріп алған. Есін жиған соң әйел қашып кеткен.

Қалалық полиця департаментінің басшысы осы іс бойынша күдікті келесі күні ұсталғанын айтты.

«Ол сот санкциясымен уақытша оқшаулау орнына қамалды. Қазір барлық сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесіне қарай қосымша баптармен іс қозғалып, прокуратураға жіберіледі. Ешкім қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды. (48 жастағы) әйелдің айыпты екені анықталса, бірден сол күні шешім қабылданар еді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, бетпе бет кездесу ұйымдастырылып, видеоматериал жиналды», - деді Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, екі әйел де ішімдік ішкен. Олар бұрын Өзбекстанда бірге тұрған. Ұсталған адам да - Өзбекстан азаматы.



Фото: almaty.tv

Соңғы жаңалықтар