Алматы полициясы ұрланған смартфондардың иесін іздестіріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы ұрланған смартфондардың үлкен мөлшерін тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел қызметкерлер бір күн бұрын арнайы іс-шара өткізді. Жеке үйлердің бірінен қылмыстық жолмен алынған 464 мобильді құрылғы табылды

«Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен 23 және 20 жастағы ағайынды екі жігітті ұстады. Олар жедел және арнайы іс-шараларының мәліметтеріне сәйкес ұрланған ұялы телефондар мен басқа да құралдарды сатып алған. Бұл партия Қырғызстан мен Өзбекстанға жөнелтілуі ​​тиіс болған. Күдіктілердің тұрғылықты жерінен тінту барысында 464 смартфон, бір ноутбук және төрт қол сағаты табылып, процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 196-бабы 2-бөлімімен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта осы ұялы телефондардың иелерін анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.


Соңғы жаңалықтар