Алматы полициясы қаладағы барлық мектептің қауіпсіздігін тексерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қаладағы барлық мектептің қауіпсіздігін тексерді. Бұл туралы Қанат Таймерденов БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресей Федерациясының Қазан қаласында болған қайғылы оқиғаларды ескере отырып, Алматы қалалық Полиция департаменті білім бөлімдерінің өкілдерімен бірге қаладағы 207 жалпы білім беру мекемелеріне тексеріс жүргізді. Тексеру 4,5 мыңнан астам бейнебақылау камералары, сондай-ақ күзет агенттігіне дабыл беретін түймелері орнатылған және жұмыс істейтін барлық жалпы білім беретін мектептердің 100 пайызын қамтыды»,- деді ол.

Сонымен қатар, Қанат Таймерденов білім беру мекемелерін мамандандырылған күзетпен қорғауға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Бұған дейін Алматының бас полицейі қоғамдық орындарында SOS дабыл батырмалары орнатылағаны туралы айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар