Алматы полициясы адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматы полиция департаменті бір адам көз жұмған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 2019 жылы 6 желтоқсан күні шамамен кешкі сағат 19:35 болған.

« Мемлекеттік нөмірі 848VWA02 Suzuki Vitara» маркалы автокөліктің жүргізушісі Кудерин көшесінің солтүстік бағытында келе жатып, Красильская көшесінің маңында екі адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан олар түрлі дене жарақат алып, қалалық медициналық мекемелерге жеткізілді, зардап шеккеннің бірі ауруханада көз жұмды», - деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

ҚР ҚК «Жол ережесін бұзу немесе көлік құралдарын пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Алматы полициясы жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіріп жатыр.

Полицияға мына байланыс телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:

254-49-82, 254-45-52, 254-40-30, 87784766051.




Соңғы жаңалықтар