Алматы полициясы 160-тан астам мас жүргізуші ұстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы жолдарында мамандандырылған батальон мен патрульдік полиция полкінің экипаждары 1 500-ге жуық жол ережесін бұзған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атап айтқанда, жалған мемлекеттік нөмірі бар көлікті жүргізген жүргізушілер ұсталды. Құқық бұзушылықтың бұл түрі үшін 85 әкімшілік хаттама жасалып, көліктер арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді. Сонымен қатар, қарама-қарсы бағыттағы жолаққа шығу бойынша 37 факт, ішімдікке немесе есірткіге мас болып басқару бойынша 164 факт, мемлекеттік нөмірсіз көлікті басқарудың 387, рұқсатсыз қайта жөнделген көлік құралын басқарудың 60, техникалық регламенттер мен стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралын жүргізудің 112 фактісі және т.б бұзушылықтар анықталды», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, ол барлық жолды пайдаланушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырып, жол қателіктерді кешірмейтінін еске салды.


Соңғы жаңалықтар