Алматы, Павлодар, Түркістан облыстарында 5 бірдей көтерме-тарату орталығы салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарында ауыл шаруашылығы тауарларын сақтауға арналған 5 көтерме-тарату орталығын салу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші кезеңде ауыл шаруашылығы тауарларын сақтауға арналған 5 көтерме-тарату орталығын Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарында салу жоспарланып отыр. Біз биыл 600 мың тонналық күзгі өнімді осы нысандарда орналастырғымыз келеді. Келесі екі кезеңде, республикалық бюджеттің шектеулі мүмкіндіктерін, сондай-ақ көтерме-тарату орталықтарының ауқымын ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін қолданамыз. Жобаны іске асырудың жалпы құны 237,5 млрд теңгені құрайды», - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша тауар өткізу жүйесін құру шамамен 10,5 мың, оның ішінде құрылыс кезеңіне 4,2 мың, нысандарды пайдалануға 6,3 мың маманды тартуға және жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Нысандарды салу үшін отандық жобалау және құрылыс компаниялары тартылады. Жалпы 2022 жылға қарай көлемі жылына 4,8 млн тонна қуатты құрайтын тетікті әзірлеп ұсынамыз. Бұл қуат тапшылығын толық қамтып, алдағы уақытта экспорттық экспансияға жағдай жасайды. Біз әкімдіктермен алғашқы екі кезең үшін жер телімін бөлу мәселесін пысықтадық. Қалған 15 нысан бойынша жұмыс қысқа мерзімде жүргізіледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар