Алматы өзендерінде селден қорғайтын бөгет салынып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Аюсай өзенінің сағасынан төмен Ақсай мен Үлкен Алматы өзен бассейндеріндегі селден қорғайтын бөгеттердің құрылысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үлкен Алматы мен Ақсай өзендерінің жоғарғы ағысында 114 мұздық пен 35 морена көл бар. Су арнасынан тасыса 5 мыңнан астам нысан мен 40 мыңнан астам адам қауіпті аймақта қалуы мүмкін.

Бұл бөгеттер мегаполистің Наурызбай, М.Әуезов пен Алатау аудандарының тұрғындары мен нысандарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2023 жыл.

Алматы әкімі сумен жабдықтау мен су бұру инженерлік желілерінің құрылысы, сондай-ақ «Таужолы» ықшамауданындағы жолдың қалай қалпына келтіріліп жатқанын тексерді.

«Тұрғындар желі тартылған Досмұхамедов магистралды көшесінің жағдайына алаңдаулы. Жолды қалпына келтіруді бастау үшін мұнда қалған 40 үйдің иесі желіге қосылуды тездетуі тиіс. Қазірдің өзінде мердігер дайындық жұмысын жүргізіп жатыр», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram -дағы парақшасында.



Соңғы жаңалықтар