Алматы өңірінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне кенет тексеріс жүргізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштер Бас штабының арнайы тағайындалған комиссиясы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері бөлімдері мен бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін және әуе кеңістігін қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару сапасын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың нұсқауы бойынша әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінің тұрақты жауынгерлік әзірлігін тексеру мақсатында тұтқиылдан шабуыл жасау факторын пайдалана отырып, әуеайлақтардан әуе кеңістігін бұзған шартты қарсыласқа барынша жауынгерлік жағдайға жақын бола отырып соққы беретін және барлау пилотсыз аппараттар ұшырылды.

ӘШҚҚ әскерлерінің Бас командалық пунктінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің кезекші күштерінің іс-қимылын министрдің бірінші орынбасары-ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов бақылап отырды», делінген хабарламада.

Тексеру кезінде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің кезекші күштері биікте емес өте аласа ұшатын әуе нысанын анықтап, оларды әуе кеңістігін бұзушы ретінде танып, зениттік зымыран бөлімшесінің қаруымен (шартты түрде) жоюы тиіс.

Алматы өңірлік гарнизонының ӘШҚҚ әскерлері бөлімдерінің кезекші құралдары анықтау және алып жүру алгоритмін орындай отырып, нақты уақыт режимінде ықтимал әуе қарсыласының ұшу аппаратын (шартты түрде) жойды. Жауынгерлік жұмыстың тиімділігі үшін шартты жауды аспанға ұстауға жақын маңдағы авиабазадан жойғыш ұшақтар да көтерілді. Оқу-жауынгерлік тапсырма пысықталды.

Сонымен қатар, комиссия шағын көлемдегі нысандарды, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттарын ұстау және жоюға қатысты әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастырудағы жекелеген кемшілікті анықтады. Тексеру нәтижесі бойынша есептер мен экипаждардың іс-қимылына неғұрлым егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі және ӘШҚҚ жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені әзірленеді.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын үздіксіз бақылауды жүзеге асыра отырып, тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқарады.


Соңғы жаңалықтар