+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Алматы оқушылары карантин талаптарын қалай сақтап жүр

2021 жылғы 19 ақпан 14:24
Бөлісіңіз:
Алматы оқушылары карантин талаптарын қалай сақтап жүр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да карантин талаптарын бұзғандарға 30 млн теңгеге жуық айыппұл салынды Қостанай облысында карантин талаптары жеңілдетілді Ақтөбеде мектеп-интернаттар екі апта карантинде болады

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметіше, мегаполисте 288 мыңнан астам оқушыны қамтитын 278 мектеп жұмыс істейді. Оның 270 - мемлекеттік және 71 - жекеменшік.

Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, кезекші сыныптарды ондағы оқушы санын 15-тен асырмай ашуға рұқсат етілген.

Кезекші топтарды ашудың басты шарты - барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау.

Аудандық білім бөлімдері мен эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерімен мектептерге аудит жүргізілді, мектептердің санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі анықталғаннан кейін кезекші топтар іске қосылды.

Жамбыл Жабаев атындағы № 161 лицейде 5, 9, 11 сынып оқушылары офлайн форматта оқиды.

Мектепте барлығы 536 оқушы оқиды, оның 358-і қашықтан білім алуда.

Мектепке кіреберісте оқушылар дезинфекциялық туннель арқылы өтеді.

Содан кейін қолдарын санитайзерлермен өңдейді.

Оларды әрқайсысының температурасын өлшейтін медицина қызметкері қарсы алады.

Әр сыныпта 10-15 адамның орташа толымдылығы бойынша талап сақталады. Оқушылар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шахмат тәртібімен отырады.

Мектепте бетперде режимі қатаң бақыланады.

Дәліздерің еденінде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер сызылған.

Сыныптар арасындағы үзіліс - 15 минуттан.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі ата-аналарды балаларға мұқият болуға шақырады.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректеріне сәйкес, оқушылардың коронавирусты жұқтыру жағдайларының 80%-ында үйде науқас туыстарымен қарым-қатынас байқалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT