+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Алматы облысының Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды

2021 жылғы 15 мамыр 11:30
Бөлісіңіз:
Алматы облысының Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұрлан Ертасұлы Ертас Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО әкімінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды Батыстағы үш өңірге ортақ балық инспекциясына жаңа басшы тағайындалды

Нұрлан Ертасұлы 1980 жылы туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын «MotoLink» ЖШС бастығы болып бастаған.

Әр жылдарда Алматы облысы Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, Жамбыл ауданы Теміржол, Мыңбаев селолық округтерінің әкімі, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2015 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болды.

Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің өкімімен Бағдат Әлиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жамбыл ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT