+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысының түрмелерінде жаппай маска тігіліп жатыр

2020 жылғы 26 наурыз 06:12
Бөлісіңіз:
Алматы облысының түрмелерінде жаппай маска тігіліп жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар жаппай маска тігіп жатыр. Осылайша сотталғандар короновирустың таралуына қарсы күреске өз үлесін қосуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайлық полицейлер көшеде маска таратып жүр Маска тақпаған жолаушыны Атырау-Ақтау әуерейсінен түсіріп тастады KLM рейсінің бортында маска тақпағандар төбелес шығарды

Елімізде коронавирустың таралуына байланысты ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен бақылау бекеттерінде тұрған барлық қызметкерлер медициналық маскамен қамтамасыз ету міндеттелді. Осыған орай Алматы облысындағы Заречный, Жауғашты ауылдарындағы түрмелерде бетперде тігу жолға қойылды. Қазіргі таңда 200-ге жуық сотталған екі ауысымда маска тігіп жатыр. Қосымша 50-ге жуық жазасын өтеуші үйретілуде.

Жауғаштыдағы әйелдер колониясында маска матасын кесіп, пішіп дайындап берсе Заречный түрмесінде тігін машинасымен тігіп, ілгішін тағып, стерильді етіп шығаруда. Әр сотталушы әуел баста 5-10 маска шығарса қазір күніне 70-80 бетперде әзірлейді. Ал тәулігіне 7,5-8 мың дана тігіледі. «ЛА 155/8» мекемесінде жазасын өтеп жатқан Алмас есімді азамат та бірнеше күнде маска тігудің шеберіне айналды.


«Covid-19 пандемиясымен күресуге сотталғандар атынан үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл жерде ақшамызды төлеп жатыр жақсы. Мемлекет бізге тапсырыс берді. Одан басқа үкімет алдында арымыз таза болу үшін кейбір сотталғандар өзінің бір күндік жалақысын тегін халқымызға көмекке бердік», - дейді сотталушы.


Алматы облысындағы түзету мекемелеріне 150 мың маскаға қажет мата жеткізілген. Мұнан бөлек жазасын өтеп жатқандардың да қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, қорғаныс заттар таратылып тұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT