+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Алматы облысының тұрғыны садақа жәшіктерін ұрлап келген

2020 жылғы 8 сәуір 03:10
Бөлісіңіз:
Алматы облысының тұрғыны садақа жәшіктерін ұрлап келген

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 25 жастағы азамат мешіттерден садақа жәшіктерін ұрлап келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер оны бейнебақылау камераларының көмегімен әшкерелеген.

Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында Іле аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне Ынтымақ ауылы мешітінің имамы, жалпы құны жүз мың теңге болатын қайырымдылыққа арналған жәшіктегі ақшаның және молданың қызметтік бөлмесіндегі ресивері бар монитордың ұрланғаны туралы арызданған.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жедел уәкілдер Алматы облысы Жамбыл ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ұсынылған дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады.

Сонымен қатар, тергеу барысында күдікті одан өзге тағы екі ұрлық дерегіне өзінің қатысы барын айтып берді. Ол ақпан айында Чапаев ауылындағы мешіттегі елу мың теңге көлеміндегі ақша сомасы бар қайырымдылық жәшігін ұрласа, ал өткен жылдың шілдесінде Түймебаев ауылындағы жеке кәсіпкердің қымбат велосипедін қолды қылған.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оның өзге де ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктінің 2013 жылы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылғандығы анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша жалғасуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT