Алматы облысының тұрғыны көршісінің екі сиырын атып тастады

ТАЛДЫҚОРАҒН.ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны көршісінің екі сиырын атып тастады. 1966 жылғы ер адамның мұндай қадамға баруына сиырлардың ауласына кіріп кетуі себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Кербұлақ ауданында болған. 13 қараша күні түнде полицейлерге Шоқан ауылының екі тұрғыны арыз түсірген. Олардың сөзінше, ауылдастары олардың екі сиырын атып өлтірген. Жәбірленушілер өздеріне келтірілген шығын көлемін 600 мың теңгеге бағалап отыр.
«Малдардың өлгендігі жөнінде ақпарат расталды. Ішімдік ішкен 1966 жылғы тұрғын «ИЖ-18» аңшы қаруымен екі сиырды атып тастаған. Күдіктінің сөзінше, малдар оның ауласына кіріп кетіпті. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабына (Жан-жануарларға қиянат жасау) сәйкес сот-алды тергеу жүріп жатыр»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, күдікті қаруды заңсыз сақтағаны үшін де жауапкершілікке тартылады. Полицияның ақпаратына сәйкес, жануарларды атуға қолданған қару еш жерде тіркелмеген болып шықты.
- Ақмола облысында қылмыстық топ жарылғыш заттарды ұрлап, сатып келген
- Пара алған бас маман 26 млн теңге айыппұл төлейді
- Текелі қаласында 1000-ға жуық кенші тұрақты жұмысқа орналасты
- Алматы облысының тұрғындары қару тапсырып, 8 млн теңге алды
-
Ішкі істер министрі тұрғындарды жеке қабылдады
-
Алматы облысында 18 жастағы студент қыз жоғалып кетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам