Алматы облысының тұрғыны қонаққа келген тұрғынның көлігін ұрлап, апатқа ұшырады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны қонаққа келген тұрғынның көлігін ұрлап, апатқа түсіп, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылар құқық бұзушыны ұстады.

1- шілде күні Сарқан ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне танысының үйіне қонаққа барған 49 жастағы ер азамат, сол жерде «Ауди» маркалы автокөлігінің ұрланғаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті 34 жастағы ауыл тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қылмыс жасағанын толық мойындап, 29 маусым күні оған «Ауди» маркалы автокөлігімен танысы қонаққа келгенін жеткізген. Олар бірге спирттік ішімдік ішкен. Екінші күні, сағат 00.00 шамасында көлік иесі ұйқыға кеткен кезде, күдікті оның кілтін алып, автокөлікті айдап әкетіп, балық аулауға барған.

Жол бойында ол «Камазбен» бетпе-бет келіп, көлікті басқара алмай, ағашқа соғылған. Көлікті сындырған ол қорыққаннан жол-көлік оқиғасы орын алған жерден қашып кеткен. Ол өзінің таныстарының үйінде жасырын, алайда ішімдік ішкен оны полиция қызметкерлері тауып алды. Полиция қызметкерлері көрсетілген орыннан сынған автокөлікті тауып, оны тексеруден кейін заңды иесіне қайтарды. Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Енді ол көлікті ұрлағаны, мас күйінде басқарғаны және ЖКО үшін заң алдында жауап береді.


Соңғы жаңалықтар