+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Алматы облысының Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды

2020 жылғы 21 қыркүйек 16:36
Бөлісіңіз:
Алматы облысының Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бір сағат бұрын ғана әкімі отставкаға кеткен Алматы облысының Текелі қаласына жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл қызметті ​Батыр Молдахметов атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

​Батыр Қайыркенұлы Молдахметов 1978 жылы Алматы қаласында туған. 1999 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Инженер-педагог» мамандығы бойынша бітірген, 2003 жылы Д. Қонаев атындағы университетін «Заңтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ үлттық техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

​2000-2001 жылдары ҚР Қарулы Күштерінде қызмет өткерген.


Еңбек жолын 1999 жылы Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде өндірістік оқыту шебері болып бастаған. Алматы облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі, Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы-облыс әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Алматы облысы әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет еткен.

​2018 жылдың қаңтар айынан – Текелі қаласы әкімінің орынбасары болды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күнге дейін Текелі қаласының әкімі болған Бақтияр Өнербаев қоластындағы мемлекеттік қызметкерінің парамен ұсталуына байланысты өз еркімен отставкаға кетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT