Алматы облысының полицейлері тұрғындарға маска таратты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Балқаш ауданының тәртіп сақшылары коронавирустың елімізде жаппай таралуына орай жарияланған карантинге байланысты халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз тұрғындар арасында пандемияның алдын алуға қатысты сақтық шараларын ұстану туралы ескерту жұмыстарын жүргіздік. Медициналық бетперде тақпағандарға індеттен қорғанудың жолдары түсіндіріліп, бетперде тараттық. Сондай-ақ, облыстық санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жарияланған екі күндік локдаун кезінде мүмкіндігінше үйден шықпау қажеттігін ескерттік»,- деді Балқаш аудандық полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Балбек Лепесбаев.


Полиция өкілі арнайы шара барысында карантин талаптарын сақтамаған жүргізушілерге тек ескерту берілгенін атап өтті. Рейдті өткізуге белсенді атсалысқан аудандық ӘПБ жол және техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік көлік инспекторы Е.Құрманбеков пен АПБ кадр саясаты тобының инспекторы Д. Жүнісбаев азаматтарға өзінің де және өзгенің де денсаулығына қауіп төндірмеу үшін сақтық шараларына жауапкершілікпен қарау қажеттігін жете түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар