Алматы облысының полицейлері азаматтарды қабылдау форматын өзгертті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында Алматы облысының полицейлері азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін полиция басшылығы және аудандық полиция басқармаларының басшылары барлық қабылдауларды, кездесулерді, әңгімелесулер мен диалогтарды «face to face» режимінде жүзеге асырып келді. Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мұндай формат тоқтатылады. Алайда азаматтарды қабылдау тәртібі туралы алдын ала хабарланатын болады.

Ағымдағы жылдың 18 наурызынан бастап облыстық Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаевтың, оның орынбасарларының, сондай-ақ аудандық полиция басқармалары басшыларының азаматтарды қабылдауы «сұрақ-жауап» режимінде электронды форматта жалғасады. Қызығушылық танытқан барлық азаматтар Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығына «Электрондыұ үкімет» порталы арқылы немесе Facebook, Instagram, ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі Алматы облыстық Полиция департаментінің парақшалары арқылы хабарласа алады.

Полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатындағы уақытша өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар