+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Алматы облысының күштік құрылымдары көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтуде

2020 жылғы 18 ақпан 07:26
Бөлісіңіз:
Алматы облысының күштік құрылымдары көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының күштік құрылымдары көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтуде. Азаматтық қорғаныс саласы бойынша 3,5 мыңнан астам адам арнайы топтарға жұмылдырылып, барлық құралдармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да су басу қаупі бар 41 елді мекен бақылауға алынды Күн жылынуына байланысты 6 облыста өзендердегі мұз еріп, су деңгейі көтеріледі Жамбыл облысының су тасқыны кезеңіне дайындығы қандай

Бүгінгі таңда облыс аумағында 76 су қоймасы, 117 тоған, 21 бөгет, 35 су торабы, 158 магистралды канал бар. Аталған құрылыстарда тұрақты мониторинг жүргізіліп, су тасқыны жағдайын бақылау үшін 96 гидробекет қойылған.

Қазіргі таңда арықтар мен каналдардың, суағар құбырлардың арналары тазартылып, халықты ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда.

«Төтенше жағдай орын алған жағдайда шұғыл шығындар салдарын жоюға облыс бюджетінен 1,2 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр», - дейді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Ахашов.

Сондай-ақ, бірінші кезекте қажетті заттар қоры дайындалған. Атап айтқанда 265 шатыр, 1200 төсек, 8,4 мың дана төсек жабдықтары сақадай сай тұр. Шұғыл эвакуациялауға 50 қабылдау орны белгіленіп, 122 дана су соратын мотопомпа қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT