Алматы облысының кәсіпкері ауыл балаларына IT-сынып ашып берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының кәсіпкері Көксу ауданындағы Зылиха Тамшыбай атындағы мектептің балаларына IT-сынып ашып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін кәсіпкер заманауи компьютерлер, робототехника жиынтықтары, интерактивті тақта сынды қажетті барлық құрылғыны өзімен бірге алып келіп, мектеп басшылығына табыстады.

«Егемен еліміздің ертеңгі болашағының білімі сапалы болу үшін IT-сыныпты толығымен қамтамасыз етуді шештім. Аталған сынып заманауи 10 компьютер, робототехника жиынтықтары, интерактивті тақта, проектор, 3D принтер, легомен жабдықталады. Кабинет оқушылардың сандық ресурстарды меңгеруіне, физика, механика, технологияны тереңдетіп игеруге жол ашады», - деген кәсіпкер Ернұр Қанатұлы IT-сыныптың кілтін мектеп басшылығына табыстады.

Барлық заттарды қабылдап алған мектеп ұжымы құрылғыларды бірден орнатуға кірісіп кетті.

Айта кетейік, Көксу ауданына қарасты Зылиха Тамшыбай ауылындағы З.Тамшыбай мектебі 1974 жылы салынған. 45 жылдық тарихы бар мектепке облыстық бюджеттен 510 млн теңге қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды білім күнімен Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ арнайы келіп құттықтады.


Айта кетерлігі, 640 орынға арналған білім ошағында бүгінгі күні 282 оқушы, 39 мұғалім бар.

«Аудандағы мектеп бітіруші 373 түлектің 206-сы жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантқа түскен. Ал биылғы 2019-2020 оқу жылын 7419 оқушымен бастадық. Оның 722-сі алғаш мектеп табалдырығын аттады», - деді Алмас Қабдулұлы.






Соңғы жаңалықтар