Алматы облысының каратэшілері ел біріншілігінен жүлделі оралды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының каратэшілері ел біріншілігінен жүлдемен оралды. Жасөспірімдер құрамасы Астанада өткен жарыста 1 алтын 4 қола медалды иеленді.

Ал, ерлер командасы Семейде ұйымдастырылған Қазақстан кубогы жолындағы турнирде өнер көрсетті. Қоржында  3 медаль бар.

Бұл қатарда Әсет Ахмәдиев шеберлігімен көзге түсті. Ол 75 келі салмақ дәрежесінде чемпиондық атақпен бірге, әлем біріншілігіне берілер жолдаманы да жеңіп алды.

Дүниежүлізік жарыс келер жылы Елордада өтеді.

Соңғы жаңалықтар