+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Алматы облысының екі ауданына жаңа әкім тағайындалды

2019 жылғы 13 қыркүйек 17:21
Бөлісіңіз:
Алматы облысының екі ауданына жаңа әкім тағайындалды

ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен және Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Талғар және Панфилов аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте бас дәрігері қамауға алынған ауруханаға уақытша жаңа басшы тағайындалды Қостанай облысында бірқатар тағайындау болды Олжас Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Панфилов ауданына әкім болып Талғат Өмірәлиев тағайындалды.

«Облыс басшысы Амандық Баталов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Панфилов ауданының бұрынғы әкімі Темірлан Бектасов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды» делінген баспасөз баянында.

Айта кетейік, осы күні Талғар ауданына да жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Талғар ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Жолан Омаровтың кандидатурасына аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау білдірді. Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талғар ауданында болып, жаңа әкімді таныстырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай Темірлан Бектасов облыс әкімі аппаратының жетекшісі болып тағайындалған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT