+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Алматы облысының аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдауға бақылау күшейтілді

2019 жылғы 14 қараша 12:02
Бөлісіңіз:
Алматы облысының аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдауға бақылау күшейтілді

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары мал және ет өнімдерін тасымалдауға, оларды саудалауға қажетті құжаттарды қатаң тексеруге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жылқы ұрлаған адамдар қолға түсті Ақмола облысында мал ұрлығымен айналысқан 6 қылмыстық топ ұсталды Құжатсыз мал тасымалдағандарға 8 млн теңгеден астам айыппұл салынды – Алматы облысы

Іс-шараның басты мақсаты мал ұрлығының алдын алу, бұған дейін орын алған ұрлықтарды ашу. Осы мақсатта облыстық және республикалық жолдар бойында арнайы блок-посттар қойылып, көліктердің мал тасымалдауға қажетті құжаттарын тексеруде.

«Бір күн ішінде мал және ет өнімдерін тасымалдаушы 80-ге жуық көлік тексеріліп, 17 жүргізушінің тиісті құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар, 25 мал сату орны мен 30-дан астам ет өнімдерінің дүкені тексерілді»,- деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Арнайы шара барысында бұған дейін болған 16 қылмыс ашылған. Оның 4 дерегі бұрынғы жылдар санатына жатады. Мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген 3 қылмыстық топтың мүшелері құрықталған. «Алматы облысының тәртіп сақшылары 10 ай ішінде қажетті құжаттар жоқ болса да мал тасымалдаудың 656 дерегін анықтаған. Жүргізушілерге 8 миллион 92 мың теңгенің айыппұлы салынды. Биыл рейд кезінде Еңбекшіқазақ ауданында мал ұрлығын кәсіп қылған қылмыстық топ ұсталып, барымташылар тобынан 40 жылқы тәркіленген»,- деп толықтырды облыстық полицейлер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT