+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Алматы облысының Алакөл жағалауына Нұр-Сұлтаннан ұшақ күнделікті қатынайды

2021 жылғы 14 мамыр 16:31
Бөлісіңіз:
Алматы облысының Алакөл жағалауына Нұр-Сұлтаннан ұшақ күнделікті қатынайды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтаннан бет алған 80 орындық «Bombardier DASH 8 Q400» ұшағы Алматы облысы, Үшарал қаласының әуежайына қонды. Әзірге бұл бағыт бойынша ұшақ аптасына төрт рет қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Kids go free: Қанша жастағы балалар ұшақта тегін ұша алады 18 маусымнан бастап Алакөлге апаратын жаңа пойыз жолға шығады Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі

Қазіргі таңда Үшарал әуежайында жұмыс жандануда. Сондай-ақ бүгін Алматы қаласынан 18 жолаушы ұшып келді. Кері бағытқа 29 адам билет алған.

Айта кетейік, «Алматы – Үшарал – Алматы» (күнделікті), «Нұр-Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан» (аптасына төрт рет) және «Талдықорған – Үшарал - Талдықорған» (күнделікті) бағыттары бойынша әуе кемесі жолаушыларды тасымалдайды. Ал 1 маусымнан бастап «Нұр-Сұлтан- Үшарал – Нұр-Сұлтан» ұшағы күнделікті қатынайтын болады.


Билет құны республикалық және облыстық бюджеттен субсидияланғандықтан, жолаушылар үшін тиімді. Мысалы, Нұр-Сұлтаннан Үшаралға билет бағасы – 16 мың теңге, Алматыдан – 15 мың, ал Талдықорған қаласынан 8 мың теңге тұрады.

«Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлы сапары үшін барлық жұмыс атқарылуда. Біздің қызметкерлердің барлығы біліктілігін арттырып, арнайы сертификаттарын алды. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталатын болады»,- деді «Жетісу» авиакомпаниясының президенті Қалмұхамет Дөнсебаев.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Алакөлге қатынайтын пойыз кестелері бекітілген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT