Алматы облысының Алакөл ауданындағы көпірді су шайып кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданындағы көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алакөл аудандық баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір көпірді қалпына келтіру жүргізіліп жатыр.

«Алакөл ауданы аумағындағы облыстық маңызды бар Қабанбай-Лепсі автомобиль жолындағы көпірді су шайып кетті. Оқиға 30 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болды. Таудан аққан өзен суының шамадан тыс көтерілуінен көпірдің бір жақ шетін шайып кетті», - делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Қазіргі кезде «Алакөл жолдары» және «СПМ-306» мекмелерінен 6 техника жеткізіліп, қажетті мамандар жұмылдырылып, көпір қайта келтіріліп жатыр.

«Аталған көпірдің құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме «СМП-306» ЖШС мекемесі»,- деп толықтырды аталған ведомствоның өкілдері.



Соңғы жаңалықтар