+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматы облысының әкімі Асқар Маминнен көмек сұрады

2016 жылғы 10 қараша 14:53
Бөлісіңіз:
Алматы облысының әкімі Асқар Маминнен көмек сұрады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алакөл жағалауын көл суы шайып жатыр. Нақтырақ айтқанда, Көктұма ауылындағы бүтін бір көше судың астында қалған. Күз және көктем кездерінде жел қатайып, жағалауды шайып кетеді. Аталған өзекті мәселе жөнінде бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бірінші вице-премьер Асқар Маминге мәлімдеді.

null null
Қазіргі таңда Алакөл жағалауын бекіту жұмыстары өзекті проблема болып тұр. Аталған мәселені шешу үшін қыруар қаржы қажет. Қазірдің өзінде бір шақырымнан астам жер көлдің астында қалған. Амандық Баталов Көктұманың өзекті мәселесін шешу жөнінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнен көмек сұрады. Бірақ аталған жұмыстарды атқару үшін нақты қанша қаражат керектігі жөнінде айтылмады. Сондай-ақ Амандық Баталов бірінші вице-премьерге облыстағы туризм саласы төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабардар етті. Енді туристер Алакөлге ұшақ арқылы қатынайтын болады.

null

Көктемде Үшарал әуежайы алғашқы жолаушыларын қабылдайды деп жоспарлануда. Аталған жоба құрылысына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Сондай-ақ қазіргі таңда Алакөлде 400-500 орындық заман талабына сай демалыс орындары салынып жатыр.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT