USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы облысындағы жағдай: Қазақстан халқы Ассамблеясы мәлімдеме жасады

2021 жылғы 28 қазан 12:21
Бөлісіңіз:
Алматы облысындағы жағдай: Қазақстан халқы Ассамблеясы мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облысындағы жаппай төбелеске байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі Майя Бекбаева арнайы мәлімдеме таратты.

«Құрметті қазақстандықтар! Кеше күндізгі уақытта Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылының жергілікті мектебінде екі жоғары сынып түлектерінің арасында келіспеушілік туындап, оқушылар арасында төбелеске ұласты.

Өкінішке қарай, төбелес барысында оқушылардың бірі зардап шекті, оған қажетті көмек көрсетілді. Ол қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

Кешке ауылда жергілікті тұрғындар жиналып, мектеп аумағында болған жаппай төбелес салдарынан аталмыш жағдайдың орын алуына байланысты наразылық білдірді.

Сонымен қатар кейбір жасөспірімдер мен жастар эмоцияның және арандатушылардың әсерінен бірнеше жеке үй мен көліктердің әйнегін сындырған.

Ауыл тұрғындары арасында, этносаралық негізде қандай да бір жанжалдың, әсіресе қақтығыстардың жоқ екендігін және оған жол берілмейтіндігін ерекше атап өткім келеді.

Жергілікті тұрғындар - қазақтар да, ұйғырлар да көп жылдар бойы бірге тұрып келеді, бір бірінің достары мен көршілері. Оның барлығы шын жүректен бейбітшілік пен тыныштықты қалайды.

Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Қоғамдық орынбасары Зәкіржан Күзиев, ҚХА хатшылығы және облыстық ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы М.Батырбеков және «Қоғамдық келісім» КММ директоры қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде.

Олармен бірге ақсақалдар, жигит-беши, азаматтық қоғам өкілдері жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Пенжім ауылындағы жағдай тұрақты».

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Панфилов ауданындағы Пенжімде оқушалар арасында жаппай төбелес болғанын хабарлаған болатынбыз.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми ақпаратына сәйкес, аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін дәрігерлер зардап шеккен баланың денсаулығы туралы айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT