Алматы облысындағы теміржол өткелінде жол-көлік апаты болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында теміржол өткелінде жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін, 22 мамырда сағат 8:30-да Елтай ауылдық округіне қарасты Жармұхаммед ауылындағы теміржол өткелінде жол-көлік апаты орын алды. Бұл жерде дрезина платформасы мен «MAN» жүк көлігі соқтығысқан. Жарақат алғандар жоқ.

Қазір онда аудандық жол полициясы қызметкерлері тексеру амалдарын жүргізіп, кінәлі тарапты анықтауда», - деп мәлімдеді Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Бақдәулет Талипов.



Соңғы жаңалықтар