Алматы облысындағы Бесағаш ауылында тұрғын үй кешені өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы Нұрия» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызыл жалынға оранған көпқабатты үйдің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

«12 қаңтар күні кешкі сағат 17:57-де Алматы облысының «101» пультіне Талғар ауданы, Бесағаш ауылы «Думан» шағынауданындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Алматы облысының ТЖД жеке құрамының 16 маманы мен 6 өрт сөндіру техникасы және Алматы қаласының ТЖД 10 қызметкері мен 2 техникасы аттанды», - деп хабарлады Алматы облыстық Төтеше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына жеткенше өрт толықтай сөндірілген. Белгілі болғанындай жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің сыртқы қабаты өртенген. Бұл үйде ешкім тұрмайды.

Зардап шеккендер жоқ.


Соңғы жаңалықтар