+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Алматы облысындағы апат: Шлагбаум толық жабылмай қалған

2019 жылғы 16 қыркүйек 12:46
Бөлісіңіз:
Алматы облысындағы апат: Шлагбаум толық жабылмай қалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Шамалғандағы жолаушылар пойызы мен автобустың соқтығысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше 15 қыркүйекте кешкі уақытта Ақсеңгір-Шамалған өткелінде №43 жолаушылар мен №456 нөмілі Алматы-Қаскелең автобусымен соқтығысып, бір адам – автобус жүргізушісі көз жұмды. Тағы үшеуі зардап шекті. Мен министрліктің және өз атымнан қаза болған адамның туған-туыстарына көңіл айтамын. Жол-көлік оқиғасын тергеу бойынша арнайы комиссия құрды. Оның құрамына Көлік комитетінің, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының лауазымды қызметкерлері енді», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Роман Склярдың айтуына қарағанда, пойыз оқиға орнына 2434 метрге жақындаған кезде автоматты түрде өткелді сигнализация құрылғысы мен дауыс синалы қосылған.

«Бағдаршамдан осы кезде қызыл түске жанды. Өткелде көлік тұрғандықтан, шлагбаум толығымен жабылмай қалған. Автобус осы кезде өткелге шығып кетіп, кептелістің салдарынан өткелдің үстінде тұрып қалған. Пойыз сағатына 97 шақырыммен келе жатқан кезде өткелге 500 метр қалғанда машинист шұғыл тежегішті басқан. Алайда жолаушылар автобусымен соқтығысты алдын алу мүмкін болмаған», - дейді ол.

Еске сала кетсек, кеше Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен.

Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның екеуі бала.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура өз бақылауына алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT