Алматы облысында жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, бір адам мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысында жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, бір адам мерт болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік апаты бүгін сағат 11:45 шамасында болғанын хабарлады.

«Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 24-ші шақырымында болған оқиға кезінде 32 жастағы жолаушы көз жұмған.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кеткен.

Салдарынан Панфилов ауылының маңында «HOWO» маркалы жүк көлігіне соғылған.

«Көлік апаты кезінде Toyota автокөлігінің 32 жастағы жолаушысы оқиға орнында тілге келместен мерт болды. Ал осы көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Талғар аудандық ауруханасына жеткізілді» делінген аталған ведомствоның мәлімдемесінде.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігіне сәйкес сот-алды тергеу басталды.

Қажетті сараптамалар тағайындалған.


Соңғы жаңалықтар