Алматы облысында жол-көлік апатынан бір адам қаза тауып, 3-еуі ауруханаға жеткізілді

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Алматы облысында жол-көлік апатының салдарынан 1 адамның қаза тауып, тағы 3 адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлап отыр.

«Апат сенбі күні, қаңтардың 16-сында сағат 16:00-да Қарасай ауданына қарасты «Алматы-Боралдай-Шамалған» автожолының 22-ші шақырымында орын алды. «Ауди» мен «Фольксваген» көліктерінің соқтығысуынан 1-ші көліктегі 1981 жылы дүниеге келген бойжеткен оқиға орнында қаза болды. Ал екінші көліктің 3 жолаушысы түрлі дене жарақатарымен ауруханаға жеткізілді», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар