Алматы облысында жоғалған оқушы екі күннен бері іздестіріліп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында екі тәуліктен бері полицейлер мен еріктілер жоғалған 14 жастағы оқушыны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 қараша күні Ұйғыр аудандық полиция бөліміне Үлкен Ақсу ауылының 37 жастағы тұрғыны баласының жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлаған. 2005 жылғы Нигара Кадирдинованы іздеуге еріктілер мен полицейлер жұмылдырылған», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінен.

Із-түзсіз жоғалған Нигара Кадирдинова үстіне ақшыл қоңыр түсті пальто, қара бас киім киген. Аяғында ақ кроссовкиі бар. Оның қолында мектеп сөмкесі мен дене шынықтыру киімдері салынған рюкзагы бар.

«Егер кім де кім оқушы жайлы қандай да бір ақпараттан хабардар болса, дереу 8-72778 21597, 8-7017988863 немесе «102» нөмерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар