Алматы облысында жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 15 желтоқсан күні 08 сағат 54 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 206 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Нақтырақ айтқанда, Алматы облысының Алтынемел ұлттық паркінде болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 3.9. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ.

Соңғы жаңалықтар