+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алматы облысында жер алып беремін деп талайды сан соқтырған алаяқ ұсталды

2020 жылғы 17 қыркүйек 19:07
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жер алып беремін деп талайды сан соқтырған алаяқ ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері жер алып берем деп сан соқтырып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыр қылмыс жасап, іздеуде жүрген Ресей азаматы Қазақстаннан ұсталды Алматыда 12 пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ағайынды екі жігіт ұсталды Сайт арқылы мүлкін сатпақ болған елорда тұрғындары алаяқтың құрбаны болуда

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында Панфилов ауданы полицейлеріне белгісіз әйелдің жымысқы әрекеттерінен зардап шеккен үш азамат арызданған. Олардың екеуі Панфилов ауданының және біреуі Алматы қаласының тұрғыны. Жаркент қаласынан жер учаскелерін меншікке алып беруге уәде берген күдікті 2015 жылы өз құрбандарынан қомақты соманы алған. Дегенмен, алаяқ әйел өтірікке толы уәдеделерін орындамаған және оны орындауға тырыспаған да. Зардап шегушілерден алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап, жер сипап қалған алданушылардан мүмкіндігінше бой тасалап жүрген. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Көктал ауылының 35 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ұсталған әйелдің бұған дейін де қылмыстық тәжірибесі бар екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жалған сөз бен жымысқы әрекеттер шеберінен зардап шеккен басқа да азаматтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT