Алматы облысында жаяу жүргіншіні көлікпен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бір тәулік ішінде полицейлер жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарасай аудандық полициясының кезекші бөліміне Елтай ауылынан 19 сағат 30 минут шамасында анықталмаған көлік құралының жол-көлік оқиғасын жасап, сол жерден бой тасалағаны туралы хабар түсті. Жәбірленуші ер адам ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді. Екі күннен кейін жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі, 347-бабы бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Алматы облыстық Полиция департаментінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бір тәулік ішінде Қарасай ауданының 31 жастағы тұрғыны күдікті ретінде анықталып, ұсталды. Оның үйінің ауласынан тәртіп сақшылары «Ниссан Ларго» автокөлігін тапты. Барлық дәлелдермен әшкереленген күдікті кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар