+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Алматы облысында жаяу жүргіншіні көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

2020 жылғы 21 ақпан 17:01
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жаяу жүргіншіні көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Іле ауданының Боралдай ауылында жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізушіні полиция бір жарым тәулік ішінде тауып, ұстады. Жүргінші жедел жәрдем келгенше сол жерде көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Іле ауданында Полиция басқармасының кезекші бөліміне түнде сағат 00:30-де Боралдай ауылынан хабарлама түседі. Көліктің жаяу жүргіншіні қағып кеткені және оның жедел жәрдем жеткенге дейін сол жерде қайтыс болғаны хабарланған. Марқұмның 52 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Белгісіз автокөлік оқиға орынан қашып кеткен, ал жол апатын ешкім көрмеген болып шықты.

«Оқиға орнын мұқият қарау барысында тәртіп сақшылары көліктің алдыңғы шамының сынығы мен бояудың белгілерін тапқан. Сол бөлшектердің арқасында жол апатын жасаған көліктің түр-түсін анықтауға мүмкін туды. Ол жасыл түсті «Toyota Rav 4» көлігі болып шықты. Жедел іздестіру жұмысы ұйымдастырылды. Бір жарым тәулік ішінде көлік апатына қатысы бар автокөліке табылып, 35 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды», - деді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция басқармасы іздеу тобының аға инспекторы Ерлан Кәрібаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, ҚР ІІМ, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT