Алматы облысында жаяу адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен «Лада» көлігінің жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы-Өскемен автожолының 231 шақырымында 10-қазан күні сағат 23:40 шамасында Кербұлақ ауданының 41 жастағы тұрғынын белгісіз көлік қағып кеткен. ЖКО нәтижесінде зардап шегуші оқиға орнында есін жимастан қаза тапты.

«Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде апат орнынан қашып кеткен оңтүстік астананың 46 жастағы тұрғыны болып табылатын жүргізуші Алматы қаласынан анықталып, ұсталды. Оның жеке үйінің ауласынан жаяу жүргіншіні қағып кетуге тән іздері бар Ваз 21102 автокөлігі табылды. Дәлелдемелерден кейін күдікті адам қаққанын мойындады. Ол өзінің оқиға орнынан қашып кетуін қорқыныш салдарынан деп түсіндірді. Ол өзін ешкім таба алмайды деп ойлаған, себебі жол апаты түнде болып,ол жақын маңнан өзге адамдарды көрмеген»,- деді Көксу ауданының ПБ бастығы полиция подполковнигі Рамиль Гимадиев.

Аудандық криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері көліктің қирандылары бойынша жасырынбақ болған күдіктіні тез тауып, ұстады. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, автокөлік сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды. Сараптамалық қорытындылар алынғаннан кейін бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілетін болады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабының 1-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы», «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу») негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар