Алматы облысында жаңадан ашылған зауытта жұмысшылар тегін тамақтанады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қарасай ауданында «Алматы шыны» серіктестігі іске қосылды. Жармұханбет ауылында орналасқан бұл зауыт шыны ыдыстарын шығарады және декорациялайды. Зауыттағы ең басты ерекшелік, қызметкерлер үшін жағдайдың қарастырылуы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зауыт базасында жұмысшылар үшін 2 жатақхана салынып, оларды үш уақыт тегін тамақтандыратын асхана жұмыс істейтін болады. Нысанда 400 жұмыс орны ашылды. Инвестицияның жалпы құны 12,2 млрд теңгені құрайды.

null 

Компания директорының айтуынша,  «Алматы шыны» зауыты түрлі пішіндегі шыны ыдыстармен қатар шыны банкілер шығармақ. Сол сияқты шыныдан жасалған бұйымдарды брендтайтын болады. Бұл өнімдер үшін отандық материалдар қолданылатынын да атап өту керек.

Сондай-ақ, Қарасай ауданында бүгін «Холонд Грин Тек» ЖШС-ы іске қосылды. Жылыжайларға арналған металл құрылымдарын шығаратын зауыт Елтай ауылдық округіндегі Көкөзек ауылында орналасқан. Тартылған инвестиция көлемі - 2,1 млрд теңге, 30 жұмыс орны құрылған. Жобалық қуаты - күніне 8 тонна каркас шығара алады. Өндірісте голландиялық технология қолданылады.

null 

Қос нысанның ашылуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов қатысты.  Зауыттар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыста пайдалануға беріліп жатқан 25 жаңа нысанның қатарында.

Соңғы жаңалықтар