Алматы облысында жаңа зауыттар іске қосылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Қарасай ауданында екі зауыт іске қосылды.

Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар орталығы ұйымдастырған баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оның сөзінше, жаңадан іске қосылған нысанның бірі шыны ыдысын шығарады. Жылына 120 млн. бөтелке шығаруға қауқарлы зауытта 400 жұмыс орны ашылды. Салынған инвестиция көлемі - 11 млдр. теңге.

Ал  екінші нысан «ХоландГринТек» ЖШС-да жылыжайларға арналған металл конструкциялары өндіріледі. Зауытқа 2 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 50 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, 16 желтоқсанға дейін Талғар ауданында пластик өнімдерін шығаратын зауыт, «Асыл құс Агро» ЖШС құс фабрикасы, резеңке плиткаларын өндіретін «Артпрайм Қазақстан» ЖШС іске қосылатын болады.  

Айта кету керек, Алматы облысында «25 жұлдызды күн» акциясы аясында 25 кәсіпорынның ашылуы күтіледі. 2 мыңнан астам халықты жұмыспен қамту көзделген жобалардың жалпы инвестициялық көлемі 48,3 млрд. теңгені құрайды.

Бұған дейін индустрияландыру күніне орай өткізілген тікелей телекөпір барысында 25 кәсіпорынның бірі таныстырылған болатын. Текелі қаласында шойын шығаратын тау-кен өңдеу кешені ашылды. Ол толық қуатына шыққанда 500 жаңа жұмыс орны ашылатыны жоспарлануда. Сонымен қатар, Сарқан ауданында 17 МВт Лепсі СЭС-і іске қосылды. Жобаның жалпы құны 4,2 млрд. теңге.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар