Алматы облысында «Жаңа замандағы жаңа Қазақстан» атты сурет байқауы өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысыжастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жаңа замандағы жаңа Қазақстан» атты сурет байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауға қатысушылар қиялына ерік беріп, жаңа Қазақстанның дамуын, келбетін суреттеді.

Шараның мақсаты - ерекше оқушалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру, сондай-ақ д арынды жастарды анықтау және көпшілікке шығармашылық шеберлігін, қабілетін көрсетуге мүмкіндік жасау.

Сонымен қатар, конкурс оқушылардың патриоттық сезімін оятып, белсенділігін арттыруды көздеген.

Шараға жалпы саны 80 оқушы қатысты. Төрешілердің шешімімен үздіктері анықталып, мадақтама қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздар - «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп интернатының оқушылары. Оның ішінде І орынды 9 «б» сыныбы, ІІ орынды 6 сыныбы, ІІІ орынды 10 «а» сыныбының оқушылары ие болды.

Сонымен қатар, байқауға қатысқан бүкіл оқушыларға ынталандыру алғыс хаты табысталды.

Айта кетсек, бұл байқау Талдықорғанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.





Соңғы жаңалықтар