Алматы облысында заңсыз елік атты деген күдікпен екі азамат ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұсталғандардың көлігінен еліктің жіліктелген еті табылған. Әйтсе де, олар етті жол бойынан тауып алғанын айтып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тіркелген жағдайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет фейсбук парақшасында жазды.

«Іле-Алатау ұлттық паркінің мобильді топ инспекторлары рейдтік шара барысында Кеген ауданы Алматы облысы Алматы мемлекеттік қаумалының аумағында «Хонда» маркалы автокөлікке мінген Алматы облысының екі азаматын Н.Д. (1981 ж.т.) және К.Ұ. (1981 ж.т.) ұстады. Көлікті тексеру барысында бес пакетке салынған екі елік аңының жіліктелген еті, Вепрь және Магнум маркалы екі қару, 12 калибрлі 21 оқ, 223 калибрлі 18 оқ, 308 калибрлі 2 оқ, дүрбі мен әртүрлі пышақтар табылды», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.

Күдіктілердің айтуы бойынша, олар етті жол бойында тауып алып, аудандық полиция бөліміне жеткізбекші болған.

Аталмыш факті Кеген аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар