+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматы облысында үйін сағынып, әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

2021 жылғы 16 мамыр 13:23
Бөлісіңіз:
Алматы облысында үйін сағынып, әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында әскерден қашып кеткен қатардағы жауынгер ұсталды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы үйін сағынғандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев 16 мамыр түнгі сағат 3:00 шамасында қолға түсті. Оны әскери полиция қызметкерлері Сарыөзек стансасынан тапқан.

«Қашып кеткен азамат үйін сағынғандықтан осындай қадамға барғанын айтты. Қазір Мырзабаев Отан алдында борышын өтеп жатқан әскери бөлімшеге жеткізілді. Оған қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Соған сәйкес тиісті тәртіптік шара қолданылатын болады» делінген Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 14 мамыр күні Алматы облысының Заречный ауылында орналасқан 5574 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев қашып кетті. Оны әскердің жеке құрамы іздеп, қолға түсірді.

Айта кетейік, Д. Мырзабаев Шығыс Қазақстанның Жарма ауданынан әскерге шақырылған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT