Алматы облысында үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасы баспаналы болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 ақпан күні Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында көпбалалы отбасының үйінен өрт шығып, баспана толығымен жанып кеткен.

Қызыл жалын шыққан кезде отбасы үйде болған.

Отбасы мүшелері ғимараттан жеңіл киіммен қашып шығып, аман қалған.

Отбасында 6 бала бар. Үлкені - 14 жаста, кішісі - 7 айлық.

Өрттен кейін жанұяға жергілікті әкімшілік пен ауыл тұрғындары, демеушілер және мешіт имамдары тарапынан көмек көрсетілді.

Бүгін демеушілердің көмегімен көпбалалы отбасына Талғар қаласынан жаңа баспана сыйға берілді.


Соңғы жаңалықтар