+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Алматы облысында ТЖ режимін бұзған азамат ұсталды

2020 жылғы 31 наурыз 14:40
Бөлісіңіз:
Алматы облысында ТЖ режимін бұзған азамат ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат-Алматы облысында Төтенше жағдай режимін бұзған азамат ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желі арқылы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығына Талдықорған қаласының 37 жастағы тұрғынының төтенше жағдай режимін сақтамағаны туралы жасырын хабарлама келіп түскен.

«Әлі күнге дейін азаматтар қауіпсіздік шараларын қолданбай, блок-бекеттерден түрлі әрекеттермен заңсыз өтуге талпынуда. Бұл әйел де дәл осындай адамдардың қатарында. Оның блок-бекеттер арқылы Алматыдан Талдықорғанға өту әрекеттері сәтсіз аяқталғаннан кейін, оның жекеменшік такси қызметімен бекеттерді айнала өту арқылы төтенше жағдай режимін бұза отырып, Талдықорған қаласына келгендігі анықталды. Қазіргі уақытта тәртіп бұзушы ұсталып, 14 күндік карантинге орналастырылды»,-деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Болат Теңізбаев.

ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармағына сәйкес жасалған әкімшілік материал соттың қарауына жіберілді. Оны тасымалдаған такси жүргізушілерін анықтау және жауапқа тарту бойынша шаралар қабылдануда.

«Сонымен қатар төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес, яғни төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзғаны немесе талаптарды орындамағаны үшін, сондай-ақ жергілікті жердің комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін орындамағаны үшін, егер бұл әрекеттерде (әрекетсіздіктерде) қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, ескерту немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жерде ҚР ҚК 379-бабына сәйкес билік өкіліне бағынбаған азаматтарға екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!»,-деп толықтырды полиция полковнигі Болат Теңізбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT