Алматы облысында түзету мекемесінің 10 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында түзету мекемесінде «сотталушылар есірткі шекті» деген бейнежазба бойынша 10 қызметкер қатаң тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Есірткіге ұқсас зат сараптамаға жіберілді. Ішкі қауіпсіздік қызметі тарапынан қызметтік тексеру басталды. 10 қызметкер қатаң тәртіптік жауапқа тартылды. Түзету мекемесінің басшысын қызметтен босату ұсынылды», - деді Қылмыстық-атқару жүйесі Алматы облыстық департаментінің басшысы Серік Әдікәрімов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы түзету мекемелерінің бірінде сотталушылар жаппай есірткі пайдаланып жатыр делінген бейнежазба әлеуметтік желіге тараған болатын. Видеода автор жазасын өтеп жатқандар туған күн тойлап, бірнеше жерде есірткі қолданып, мәре-сәре болып жатқанын жеткізеді.

Қазіргі таңда осы факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда. Сотталушыларды тінту барысында жасыл түсті есірткіге ұқсас зат табылды.


Соңғы жаңалықтар