Алматы облысында төтенше жағдай режимін бұзған 31 адам әкімшілік қамаққа алынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында төтенше жағдай режимін бұзған үшін 31 тұлға әкімшілік қамаққа алынып, 23-іне айппұл саланып, 1 адамға ескерту жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы Прокуратурасының мәліметінше, соңғы тәулікте режимге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған жедел топтармен 88 заң бұзушылық анықталып, хаттама толтырылып, сотқа жолданды.Көбінесе заң бұзатын тұлғалар санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткізбеген жеке кәсіпкерлер болып табылады.

Мысалы, Талдықорған қаласында қызметін тоқтату туралы талапты ескермей, қоғамдық монша жұмыс істеп тұрған. Осыған орай, монша иесі 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Бірнеше рет ескерту мен түсіндіру жұмыстары жасалғанына қарамастан, кейбір қоғамдық тамақтану орындары 22-00 сағаттан кейін жұмыс істеп отырған, қызметкерлерінде санитарлық қорғау құралдары және т.б. болмаған.

Осыған байланысты, Алматы облысы прокуратурасы азаматтарды өз және басқа адамдардың қауіпсіздігі үшін төтенше жағдай режимі мен шектеу шараларының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Осы шараларды орындамаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар