Алматы облысында таудан аққан су 11 үйдің ауласын басып қалды

Фото: None
КЕГЕН. ҚазАқпарат- Қатты жауын салдарынан Алматы облысының Кеген ауданындағы Түменбай ауылында бірнеше үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 маусым күні сағат 17-40-да шамасында Кеген ауданы, Түменбай ауылында нөсер жаңбыр салдарынан ауыл іші көшелерін таудан аққан су басты. Тау суы 1 тұрғын үй кірген және 11 үйдің ауласын басқан. Оқиға орнына Аудан әкімі, Кеген ауылдық округінің әкімі, төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің қызметкерлері барды. Төтенше жағдайды бірнеше техника жұмылдырылды. Адамдар зардап шекпеген»,- делінген Кеген ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Ведомствоның ақпаратына сәйкес, тұрғын үйлер мен аулаларға комиссия ұйымдастырылып, шығындар есептелуде.

Еске салсақ, Алматы облысының Кеген ауданында республикалық жол жиегін су шайып кетті.



Соңғы жаңалықтар