Алматы облысында тағы бір сервистік әкімдік ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле ауданында тағы бір сервистік әкімдік ашылды. Жаңа форматтағы мемлекеттік қызмет көрсету алаңы Өтеген батыр ауылында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сервистік әкімдік мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ашылып отыр. Бұл жерде бір мезетте 9 бөлім жұмыс істеп, 56 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады. Мамандар халықты жеке-жеке емес, ашық алаңда қабылдайды. Бұл өз кезегінде уақытты үнемдеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Алматы облысында 8 сервистік әкімдік жұмыс істеуде. Олар Ақсу, Балқаш, Қарасай, Қаратал, Көксу, Райымбек, Іле аудандарында және Талдықорған қаласында орналасқан. Жыл соңына дейін облыстың барлық қалалары мен аудандарында осындай сервистік әкімдіктер ашу жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар